Сұрақтарға
FAQ
жауап
Whoosh самокаттарының шерингі туралы ең танымал сұрақтарға жауап бердік.
Whoosh самокаттарының шерингі туралы ең танымал сұрақтар
Самокат жүрмейді
Егер вушбайктың газ басқышы істемей қалса, оны жақын арадағы тұраққа қалдырып, мүмкіндігінше құлыппен бекітіңіз.
Барлық жақын тұрақ қосымшадағы картада "P" белгісімен белгіленген.
Егер тұраққа дейін алыс болса, онда самокатты оған дейін сүйреудің қажеті жоқ.
Оны жаяу жүргіншілер мен автокөлік жүргізушілеріне кедергі жасамайтындай етіп қалдырыңыз.
Бұл өте маңызды.
Не болғанын қолдау қызметіне бірден жазыңыз және самокат фотосын чатқа жіберіңіз.Біз сапарды міндетті түрде тексереміз, жалға алуды аяқтауға көмектесеміз және қажет болған жағдайда қайта есептейміз.

Депозит туралы
Сапардың басында немесе броньдау кезінде төлем кепілдігі үшін пайдаланушының шотында 5000₸ немесе 8000₸ — депозит ретінде бұғаттаймыз.
Сапар құны толық төленгеннен кейін ғана бұғаттан шығарылады.
Төлем өткен кезде, депозит автоматты түрде бұғаттан шығарылады, карта банкі бұғаттан шығару операциясын өңдегеннен кейін ақша шотта қол жетімді болады.
Депозиттің қандай күйде екенін тексеру үшін операция бойынша түбіртекті сұратыңыз — егер "Әлі банкпен өңделіп жатыр" немесе "Авторизацияланды" мәртебесінде болса, күте тұру керек.
Егер депозит есептен шығарылған болса, қолдау көрсету чатына түбіртек жіберіңіз – барлығын тексереміз.
Егер оның құны депозит сомасынан артық болса, ал сапар аяқталған кезде картадан төлем жүргізу мүмкін болмаса, сапар төлемінің шотына депозитті есептен шығара аламыз.

Маған самокатты бұғаттап, жұмысыммен кету керек
Самокатпен орынжайға кіруге болмайды, сондықтан активті сапар картасында дөңгелек сары түйме бар — бұл сапарды аяқтауға және процесс барысында алаңсыз кетуге мүмкіндік береді.
Егер бірер уақытқа кету шешімін қабылдасаңыз, самокатты ешкімге кедергі жасамайтын етіп қойыңыз, оған басып, "Самокаттыы бұғаттаңыз".
Басқаннан кейін самокаттың доңғалағы бұғатталады, алаңсыз жұмысыңызбен кете аласыз, ол сізді күтіп тұрады.
Ал оралған кезде — сол түймемен бұғаттан шығарып, сапарыңызды жалғастыра аласыз.
Маңызды, доңғалағы бұғатталғанның өзінде жалдау минуттары есептеледі және оның құны артады.
Бұл режимдегі тариф өзгермейді

Мен немесе менің мүлігім самокатпен жүрушіден зардап шекті. Не істеу керек?
Бірінші кезекте, жағдайға қарамастан өзіңізді жақсы сезінесіз деп үміттенеміз.
Барлық самокат әрқашан бізбен байланыста болады, сондықтан сапар кезінде бірдеңе болса, біз оны таба аламыз.
Алайда оқиға туралы толық мәліметтер, орны, күні мен уақыты туралы деректер қажет.
Мұның бәрін бізге қосымшаның чатында немесе support@whoosh.bike поштасында жазуыңызды өтінеміз.
Біз міндетті түрде барлығын тексеріп, әрі қарай не істеу керектігін айтамыз.
Промокодтар, бонустар мен жеңілдіктер
Бірінші сапардың бастапқы сомасына жеңілдікпен промокод тіркелгеннен кейін бірден хатта келеді.
Промокодты қосымшаның "Промокодтар" қосымша бетінде сапарға дейін қосу керек.
Оның қосылу саны әдетте шектеулі, сондықтан егер промокодты қосып, оны алып тастасаңыз, ол "күйіп кетеді".
Промокодты мысалы, әлеуметтік желілердегі акциялар кезінде ала аласыз.

Самокат жылдамдығының режимдері және оларды қалай басқару керек
Whoosh самокаттарының қуаты төмен және 25 км/сағаттан жылдам жүрмейді. Ал лимиттің төмендеу аймақтарында жылдамдықты автоматты түрде 10-15 км/сағ дейін төмендетеді. Қосымша самокатты қолайлы режимдердің біріне ауыстыруға болады.
Самокат үш режимде жұмыс істей алады — Sport, Drive және ECO.
Айырмашылық тек жылдамдықта.
Sport режимінде самокат 25 км/сағ дейін, Drive режимінде — 20 км/сағ дейін жылдамдайды, ал ECO режимінде 15 км/сағ артық жылдамдауға мүмкіндік бермейді.
Әдетте, скутер Sport режиміне бапталған, алайда сіз оны әрқашан самокат дисплейінің астындағы түймені екі рет басу арқылы өзгерте аласыз.
Самокаттың қандай режимде жүріп келе жатқанын рульдегі экранда тексеруге болады — S, D немесе ECO көресіз.
Өте төмен заряд кезінде самокат ECO режиміне өзі өтіп, баяу жүре бастайды.
Бұл сапарды аяқтап, қосымшадағы картадан ең жақын тұрақты табу уақытының келгенін білдіреді.

Тіркеу және сапардың басталуы
Тіркелу үшін не қажет?
Қосымшаны орнату Whoosh, e-mail, телефон нөмірін енгізу және растау және төлем тәсілін қосу — картаны тікелей немесе Apple Pay/Google Pay арқылы байланыстыру.
Сондай-ақ, жасыңызды растауды сұраймыз —сервисті тек кәмелеттік жасқа толған адамдар ғана пайдалана алады.
Болды, самокатты алып, жүруге болады!


Қосымша қалай жұмыс істейді?
Нұсқаулық бар ма?

Whoosh қосымшасы өте қарапайым.
Жүктеуден кейін тез үйреніп алатыныңа сенімдіміз.
Кез-келген жағдайға нұсқаулық жасап қойдық, ол мында 

Электрлі самокатты қалай жалға алуға болады?
Егер самокат жаныңызда болса —негізгі экранның ортасындағы үлкен сары түймені басып, рульдегі QR кодын сканерлеңіз.
Әрі қарай қосымша не істеу керектігін айтады.
Егер жақын жерде самокат болмаса, қосымшадан "Самокатты табу" қосымша бетін ашып, картадан жалға алғыңыз келетін самокатты таңдаңыз.
Оған жетіп, самокаттың QR кодын сканерлеңіз.
QR-кодты сканерлеу мүмкін емес — атауын енгізіңіз (4 әріп немесе сан), ол рульдегі QR-кодтың астында немесе қосымшадағы картада жазылған.
Содан соң, тек самокатқа тұрып, бірнеше рет итеріліп, рульдегі GO түймесін басу керек — дайын, жүретін уақыт келді!

Броньдау қалай жұмыс істейді?
Самокатты 10 минутқа броньдауға болады.
Бұл тегін.
Егер 10 минуттнн кейін сапар басталмаса — броньдау аяқталады, самокат басқа вушерлерге қол жетімді болады.
Броньдау үшін қосымшадағы картадан самокатты таңдап, Whoosh сары дөңгелек түймесін, содан кейін "Броньдау" түймесін басыңыз.
Қосымшада броньдаудың соңына дейін кері санақ пайда болады.
Броньдаудан кейін сапарды бастау үшін самокаттың жанында болу керек, "Старт" түймесін басып, оның рульіндегі QR-кодты сканерлеу керек — содан кейін сапар басталады.
Белгілі бір самокатты броньдау картасындағы броньдаудың күшін жою үшін "Броньдаудың күшін жою" түймесін басыңыз, сол жаққа свайп жасау арқылы күшін жоюды растаңыз — броньдау аяқталады.
Вушер шотындағы броньдаудың басында сапардың төленгеніне кепілдік беру үшін депозитті бұғаттаймыз (8000₸).
Егер ақша жеткіліксіз болса, скутерді броньдау мүмкін емес.
Броньдаудың күші жойылған немесе уақыты аяқталған жағдайда, депозитті бұғаттау автоматты түрде алынады.

Бір аккаунттан бірнеше самокатты жалға алуға болады ма?
Бір аккаунттан бір уақытта 3 электрлі самокатты жалға алуға болады.
Ол үшін біріншісін таңдау керек — ондағы сапарды басып, содан кейін қосымшада "+" белгісі пайда болады — ол арқылы екінші және үшінші вушбайкты қосуға болады.
Әр самокат үшін басында депозит қажет болады және әрқайсысындағы сапарды бөлек аяқтау керек, соның ішінде фотосуретке түсіру керек.
Аккаунтты басқаратын адам тұраққа қою кезінде самокаттың жанында болуы керек.
Топтық сапар жағдайында — барлық жалға алынған самокат үшін жауапкершілік самокатпен басқа адам жүрсе де, аккаунты арқылы жалға алынған адамға жүктеледі.

Самокатты таба алмадым — картада белгіленген жерде жоқ
Вушбайк тұрақ нүктесінде (картадағы Р белгісі), мүмкін оған ең жақын жерде тұр.
Өкінішке орай, координаталар сәл ауытқуы мүмкін, бірақ самокат әрқашан шамамен Р белгісі бар жерде болады.
Скутер сізге сигнал бере алады — картада оған басыңыз, самокат карточкасында "Бип-бип" түймесіне болады, соған басыңыз.
Самокат фарамен жыпылықтайды және оны табу оңай болуы үшін біраз уақыт сигнал береді.

Пайдаланушы келісімін қайдан оқуға болады?
Whoosh қосымшасындағы "Біз туралы" қосымша бетінде офертаның толық мәтіні берілген. Оны оқып, әр пайдаланушыны тіркеу кезінде сервис қағидаларымен келісетініңізді растауды ұсынамыз.
Оны сайттан да оқуға болады — Оферта.

Сапар кезінде
Қайда жүруге болады?
Сапарлар мен тұраққа арналған аймақ қосымша картасында көрсетіледі.
Веложолдармен жүр, жаяун жүргіншілер жолында барынша мұқият бол.
Жүріс бөлігіне шықпа, жаяу жүргіншілер өткелінде самокаттан түсіп, жаяу жүріңіз.

Маған самокатты бұғаттап, жұмысыммен кету керек
Самокатпен орынжайға кіруге болмайды, сондықтан активті сапар картасында дөңгелек сары түйме бар — бұл сапарды аяқтауға және процесс барысында алаңсыз кетуге мүмкіндік береді.
Егер бірер уақытқа кету шешімін қабылдасаңыз, самокатты ешкімге кедергі жасамайтын етіп қойыңыз, оған басып, "Самокаттыы бұғаттаңыз".
Басқаннан кейін самокаттың доңғалағы бұғатталады, алаңсыз жұмысыңызбен кете аласыз, ол сізді күтіп тұрады.

Самокатты экрандағы сары түймемен бұғаттан шығарыңыз.
Маңызды, доңғалағы бұғатталғанның өзінде жалдау минуттары есептеледі және оның құны артады.
Бұл режимдегі тариф өзгермейді.
Заряд қаншаға жетеді?
Қосымшада болжамды минуттар мен километрмен көрсетеміз.
Әрине, бұл болжамды және сыртқы факторларға байланысты: қалай және кім жүреді, тіпті сыртқы температураға тәуелді.
Самокат разрядтала бастағаннан кейін —қосымша тұраққа кететін уақыт келді деген пуш-хабарландыру жібереді.
Тұраққа қарай жылжуды бастау керек.
Заряд төмен болғаннан кейін — самокат үнемді режимге өтеді — ол мотормен жүреді, бірақ сағатына 15 км-ден артық жылдамдауға жол бермейді.
Заряд өте төмен болған кезде самокат қозғалтқышты өшіреді.
Аяқтап итерілуге немесе самокатты жанында сүйретуге тура келеді.

Жылдамдықты шектеу аймақтары
Кейбір жерлерде 25 км/сағ жүру тіпті Sport режимінде де мүмкін емес - мұндай жерлерді шектеу аймақтары деп атайды.
Әдетте, ондағы жылдамдық сағатына 15 км-ден аспайды — бұл жолдағы қозғалысқа барлық қатысушылар үшін сапар қауіпсіз болатындай етіп жасалған.
Мұндай аймақтарға әдетте жаяу жүргіншілер көп жиналатын жерлер, жоғары жылдамдық апаттар мен басқа да қиындықтарға әкелуі мүмкін жол учаскелері кіреді.
Өтінеміз, картаға алдын-ала қараңыз, егер сіз баяу жүргіңіз келмесе, осындай аймақтарды айналып өту үшін маршрут жасаңыз —қосымшада олар қызғылт сары түспен ерекшеленген.

Сапарды / тұрақты аяқтау
Неліктен велосипед немесе басқа кикшеринг станциялары тұраққа жарамайды?
Бұл станцияларда арнайы споттар — орындар / ағытпалар бар, тек оларға велик немесе осы сервистің самокатын қоюға болады.
Егер оған вушбайк қойсаңыз — басқа сервис пайдаланушысы өз техникасын сол жерге қоя алмайды.
Бұл өте жағымсыз және кейде вушбайктардың бұзылуына әкеп соғады.
Егер сіз қосымшадағы картада белгіленген Р нүктесінде болсаңыз, онда жақын жерде басқа сервистердің станцияларына қарағанда қолайлы болатын тұрақ бар.

Самокатты тұраққа қалай қоюға болады?
Тұрақ орны қосымша картасында "Р" белгісімен белгіленген.
Оған жетіп, экранның ортасындағы дөңгелек сары түймені басып, "Сапарды аяқтауды" таңдаңыз.
Қосымша самокатты суретке түсіруді сұрайды.
Слай оның жақсы күйде екенін және тұрақ дұрыс аяқталғанын түсінеміз.
Сервис қағидалары бойынша фотосуреттердің болмауы және тұраққа дұрыс қоймау (мысалы, самокат Р нүктесінде емес) айыппұл салуға себеп болып табылады.
Самокат жалға алынған жерде аккаунттың телефон нөмірін міндетті түрде көрсетіңіз

Егер телефон отырып/бұзылып қалса, сапарды қалай аяқтауға болады?
Самокатты көшедегі тұраққа қалдырып, смартфонды мүмкіндігінше тез зарядтап, самокатты суретке түсіру арқылы сапарды аяқтаңыз.
Қосымшадағы қолдау көрсету чатына қандай жағдай туындағаны туралы жазыңыз — ақыны қайта есептеу мүмкіндігін қарастырамыз.
Қолдау көрсету қызметімен байланысудың баламалы тәсілі — пошта support@whoosh.bike немесе басқа аккаунттан қосымшадағы чатқа хабарлама.
Самокат жалға алынған жерде аккаунттың телефон нөмірін міндетті түрде көрсетіңіз

Тариф, депозит, жеңілдіктер туралы
Сапар ақысы неден құралады?
Нақты самокатқа арналған тариф қосымшаны көрсетеді —самокатты таңдағаннан кейін, бірақ сапар басталғанға дейін самокат карточкасында старттың құны мен минуттың құны қандай болатынын, сақтандыру қолданылатынын не қолданылмайтынын көруге болады.
Нәтижесінде сапар құны — бұл старт құны, жалдау минуттарының санына көбейтілген минуттың құны және егер өшірмесеңіз, сақтандыру құны.
Өңірдегі өзекті базалық тариф қосымшадағы "Төлем" қосымша бетінде көрсетіледі.
Ол сапардың басталуы мен әр минуты үшін ақы төлеуден тұрады.
Кейбір қалаларда динамикалық баға белгілеу қолданылады, жалдау минутының құны жоғары және өте жоғары сұраныс кезеңдерінде жоғарылауы, төмен кезеңдерде төмендеуі мүмкін.
"Сапарды бастау" түймесін басу арқылы пайдаланушы ағымдағы бағамен келіседі.

Депозит туралы
Сапардың басында немесе броньдау кезінде төлем кепілдігі үшін пайдаланушының шотында 5000₸ немесе 8000₸ — депозит ретінде бұғаттаймыз.
Сапар құны толық төленгеннен кейін ғана бұғаттан шығарылады.
Төлем өткен кезде, депозит автоматты түрде бұғаттан шығарылады, карта банкі бұғаттан шығару операциясын өңдегеннен кейін ақша шотта қол жетімді болады.
Депозиттің қандай күйде екенін тексеру үшін операция бойынша түбіртекті сұратыңыз — егер "Әлі банкпен өңделіп жатыр" немесе "Авторизацияланды" мәртебесінде болса, күте тұру керек.
Егер депозит есептен шығарылған болса, қолдау көрсету чатына түбіртек жіберіңіз – барлығын тексереміз.
Егер оның құны депозит сомасынан артық болса, ал сапар аяқталған кезде картадан төлем жүргізу мүмкін болмаса, сапар төлемінің шотына депозитті есептен шығара аламыз.

Неліктен тариф өзгеруі мүмкін?
Тариф сапардың бастапқы сомасын төлеуден және әр минут үшін төлемнен тұрады.
Осылайша, бірінші минутқа старт құны және бірінші минуттың құны, ал келесі минуттерде — тек минуттің құны кіреді.
Бізде динамикалық баға белгілеу қолданылады — старт құны мен минуттің құны қазіргі уақытта жүргісі келетіндердің қаншалықты көптігіне және қолжетімді самокаттар санына, самокаттар зарядына және басқа факторларға байланысты өзгеруі мүмкін.
Әр қалаларда тариф әртүрлі.
Өзекті тарифті әрдайым қосымшадан көруге болады — самокатқа бассаңыз старт құны мен сол сәттегі минуттер құны туралы деректер ашылады.
Жүріп бара жатқан кезде тариф өзгермейді.
Әр сапардың құнына сақтандыру төлемі қосылуы мүмкін.
Бұл реттелетін опция — жалдау немесе броньдау басталғанға дейін тиісті жүгірткіні солға жылжыту арқылы одан бас тартуға болады.

Кикшерингтің неге сонша тұратынын түсінбеймін
Бұл ақшаға біз сервисті дамытамыз: жаңа самокаттар сатып аламыз, жүргізушілер мен механиктердің еңбегіне ақы төлейміз, скутерлерді зарядтаймыз, жуамыз және жөндейміз, тұрақтар орнатамыз.
Біз қызметті қолжетімді етуге тырысамыз, бірақ әзірге бірқатар техникалық шектеулер сапарлардың құнын төмендетуге мүмкіндік бермейді.
Технологиялық жетістіктер жақын арада көмектеседі деп үміттенеміз.

Төлем немесе қайтару туралы чектер
Сапар үшін төлегеннен кейін бірден поштаңызға чек жібереміз.
Қайтарған жағдайда қайта жібереміз, бірақ басқасын — түсімнің қайтарылуы туралы чек жібереміз.
Кейде қайтаруды күтуге тура келетінін білеміз, әзірге процесті тездете алмаймыз — мұндай транзакциялар үшін стандартты мерзім 7-10 күн, алайда әдетте әлдеқайда жылдам.
Маңызды, 8000₸ депозитін бұғаттау немесе бұғаттан шығару операцияларында чектер жоқ, себебі бұл есептен шығару операциясы емес —мұндай жағдайларда чек берілмейді.
Алайда түбіртек жасауға және ондағы операцияның мәртебесін көруге әрқашан мүмкіндік бар (толығырақ "Маған депозит қайтарылған жоқ" бөлімінде).

Ең бастысы қауіпсіздік
Жаңбырда жүруге болады ма?
Болады, бірақ барынша мұқият бол — тайғақ жерлерде жылдамдықты баяулатпаңыз.
Өтінеміз, шұңқырларды айналып өтіңіз — самокат жоғарыдан жаңбырдан қорықпайды, бірақ онымен шалшыққа кірсең — оны жөндеуге жіберудің ықтималдығы жоғарылайды.

Электрлі самокатта қалай тежеуге болады?
Самокат рульінің сол жақ және оң жақ тұтқаларында иінтірек бар - бұл алдыңғы және артқы тежегіш.
Оған басқаннан кейін тежегіштің екі түрі бірден қосылады - механикалық (дискілі) және электрлік (қозғалтқышпен).
Скутердің артқы қанаты тежегіш емес.
Егер оған бассаңыз сынып қалуы мүмкін, бірақ ең бастысы — бұл кезде самокат баяуламайды.
Тежеу үшін рульдегі тежегіш иінтірегін қолданыңыз.

Неліктен балаларға Whoosh самокатымен жүруге болмайды?
Біздің самокаттарымыз балалар үшін тым қуатты және үлкен.
Олардың салмағы 35 кг-ға дейін және 25 км/сағ-қа дейін жетеді — бала басқара алмай қалуы мүмкін.
Сондықтан самокаттарды 18 жастан асқан ересектер ғана пайдалана алады.


Неліктен бір самокатпен екі адам жүре алмайды?

Скутердегі екі немесе одан да көп адам — бұл самокат есептелмеген жүктеме.
Ол жолда сынып қалуы мүмкін.
Сондай-ақ бұл қауіпті, себебі бұл жағдайда скутерді басқару қиынға соғады.
Бір самокатпен екі адам жүргені үшін айыппұл салуымыз мүмкін.

Егер біреу самокатты ұрлап әкетуге әрекет жасаса не болатыны қызықты?
Жақсы ештеңе болмайды.
Whoosh самокаттары әрқашан бұлтты платформамен байланыста болады.
Бұл сиқыр автоматты түрде скутердің күйін және орналасқан жерін басқарады.
Скутердің өзі де сенсорлары, GPS және GSM модемі бар ақылды IoT құрылғысы.
Егер платформа немесе самокат ұрлау әрекеті жасалып жатқанына күдіктенсе, олар әртүрлі тәсілдермен оның алдын ала бастайды.
Мысалы, самокат артынан күзет экипажы шығады.
Егер ұрланса, платформа самокаттың барлық электроникасын, батареясые және қозғалтқышын қалпына келтіруге болмайтындай бұзып тастайды.
Қысқасы, оларды ұрлаудың қажеті жоқ.
Оның орнына, мініп жүріп, сервисінен ләззат алған жөн.
Ал біз барлығы дұрыс жұмыс істеуін қадағалаймыз.
Салмақ бойынша шектеу қандай?
100 кг-ға дейін.
Маңызды — екі вушердің салмағы қанша болатынына қарамастан, тек бір адам самокатпен жүре алады.
Самокатқа жолаушыларды апармаңыз - бұл қауіпті.

Самокаттар туралы
Қоңырау мен фонарик
Қоңырау руль тұтқасының сол жағында орналасқан.
Бұл "қоңырау" немесе айналдырса шырылдайтын тұтқадағы сақина.
Егер сапар кешке немесе түнде басталса, скутер фарасы автоматты түрде қосылады.
Күндіз жұмыс істемейді.
Самокаттың сапар карточкасындағы фонарик белгішесі бар түймемен фараны өшіруге немесе қосуға болады.

Сіздердің самокаттарыңыз қандай?
Whoosh самокаттары 25 км/сағ жылдамдыққа жетеді, батарея заряды 30+ км-ге жетеді. Олардың орнықты пневматикалық дөңгелектері және тежегіштердің екі түрі бар: электрлік және механикалық (дискілі) - сапар жұмсақ және қауіпсіз болады.
Біз өндіруші зауыттан түпнұсқа скутерлерді сатып аламыз және оларды күшті кастомизациялаймыз, самокаттарды заттар интернетінің құрылғысына (IoT) айналдырамыз — олар әрқашан Whoosh бұлтты шерингтік платформасымен байланыста болады.
Сенсорлар, GPS және GSM модемдері құрылғының күйі мен орналасқан жері туралы үнемі хабарлайды.

Оларды кім және қалай зарядтайды?
Самокаттарға қызмет көрсетумен қаланың сервистік командасы айналысады.
Олар тәулік бойы жұмыс істейді.
Самокат разрядталғаннан кейін батареясын ауыстырамыз немесе оны зарядтауға және техникалық қызмет көрсетуге аламыз.
Самокат жаңа сапарларға дайын болған кезде — ол қосымшадағы картада пайда болады.
Whoosh Pass жазылуы туралы

Whoosh Pass қанша тұрады және қандай пайдасы бар?
Жазылымды сатып ала отырып, пайдаланушы жазылымның бүкіл әрекет ету мерзімінде өз аккаунтындағы сапарды бастау үшін төлем кезінде үнемдейді.
Жағымды бонустарға ие болады, мысалы, ұзақ тегін броньдау — 20 минут.

Whoosh Week Pass — артықшылықтары сатып алған күннен бастап 7 күн ішінде қол жетімді болады. Аптасына онға жуық сапар жасағандар үшін пайдалы
Whoosh Month Pass — артықшылықтары сатып алған күннен бастап 30 күн ішінде қол жетімді болады. Айына оннан артық сапар жасағандар үшін пайдалы.

Иә, жазылым айына екі рет, бірақ бірнеше сағат бойы самокат жалдайтындарға өте қолайлы емес.
Сіз үшін де міндетті түрде бір нәрсе ойлап табамыз ❤️

Whoosh Pass жазылымын қалай сатып алуға болады?
Whoosh pass жазылымын Whoosh pass қосымшасының мәзірінде ресімдей аласыз.
Ол тек сатып алынған аккаунт үшін ғана жұмыс істейді және аккаунттағы барлық топтық сапарларға қолданылады.

Жазылымның әрекет ету мерзімі қалай анықталады?
Жазылым ресімдеу сәтінен бастап жұмыс істей бастайды және автоматты жаңарту өшірулі болса, дәл 7 күннен кейін (Whoosh Week Pass) немесе 30 күннен кейін (Whoosh Month Pass) аяқталады.
Бастау уақыты сатып алуды ресімдеу уақыты болып табылады.

Жазылуды автоматты түрде қалай сөндіруге/қосуға болады?
Қосымшадағы Whoosh pass Жазылымы мәзірінде жазылымды жаңартуды басқаруға болады —арнайы тумблер автоматты жаңартуды қосады және өшіреді.
Автоматты түрде жаңартуды кез-келген уақытта өшіруге болады, бұл ретте Жазылым төленген кезең аяқталғанға дейін жалғасады, ал келесі есептен шығару болмайды.

Өте қызықты
"Whoosh" нені білдіреді және "вушерлер" деген кім?
"Whoosh" [вуш] деп дыбысталады.
Бұл жоғары жылдамдықта естілетін желдің ысқырығы.
Бұл бір мезетте бір жерден екінші жерге ауысуға болатын жағдайдың белгісі ретіндегі дыбыс.
Біздің атауымыз осыны білдіреді.
Вушерлер — біздің құндылықтарымызды қолдайтын Whoosh пайдаланушылары.
Шыны керек, оларды қатты жақсы көреміз.

ЖЖҚ бойынша электрлі самокат дегеніміз не?
Өкінішке орай, қолданыстағы заңнамадща бұл сұраққа жауап жоқ.
ЖЖҚ ағымдағы нұсқасында электрлі самокаттың анықтамасы жоқ.
Ең жуық анықтамалар - велосипед пен мопед.
Велосипед көрсеткіштерді сипаттайды: жылдамдығы 25 км/сағ дейін, 250 Вт дейінгі ұзақ жүктеме режимінде номиналды ең жоғарғы қуаты бар қозғалтқышпен жабдықталуы мүмкін және адамның бұлшықет күшімен басқарылады.
Мопед — 50 км/сағ жылдамдықты дамытады, электр қозғалтқышымен басқарылады, 250-ден 400 Вт-қа дейінгі ұзақ жүктеме режимінде номиналды ең жоғарғы қуаты бар қозғалтқышпен жабдықталған.
Біздің ойымызша, вушбайктар анықтамасы велосипед анықтамасына жуық.
Жылдамдық 25 км/сағатпен шектелген, жылдамырақ болмайды.
Олар адамның бұлшықет күшімен басқарылады —тек аяқпен итеріп, 3 км/сағ жылдамдыққа жетсеңіз, қозғалтқыш іске қосылады.
Вушбайктардың қозғалтқыштары әртүрлі, ұзақ жүктеме режимінде номиналды ең жоғарғы қуаты 250 Вт-қа сәйкес келеді.
Қозғалтқыштың қуатын қолдана отырып, дөңге шығу ыңғайлы, сонымен қатар қозғалтқыш тежеу үшін қолданылады, себебі вушбайктардың механикалық тежегішінен басқа, қозғалтқыш тежегіші бар.
Сондай-ақ, электр қозғалтқышы көлбеу қозғалыс кезінде жылдамдықты шектеу үшін, ең жоғарғы жылдамдықты 25 км/сағ ұстап тұру үшін қолданылады — себебі жылдамдық шектеулі, біздің самокаттарымызбен 25-тен артық жылдамдық дамыту келмейді.


Менің сұрағыма жауап жоқ. Қайдан сұрауға болады?

Хабарлас, міндетті түрде жауап береміз!
Біз қосымшадағы қолдау қызметімен чат арқылы байланысқа шығамыз.
Егер поштаға жазғыңыз келсе, ол осы жерде — support@whoosh.bike